"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығы - "Әлем мұғалімі" жаһандық сыйлығының іріктеу кезеңіне қатысу үшін еліміздің 10 үздік мұғалімін іріктеу болып табылады. Сондай-ақ, үздік 10 мұғалімнің арасында "Қазақстан мұғалімі 2021" ұлттық сыйлығының бір жеңімпазы, яғни Қазақстандағы жаһандық сыйлықтың амбассадоры құрметті атағының және 10 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйлықтың иегері жарияланатын болады. Берілетін сыйлық қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін коммуникациялық алаң құратын жоба болады деп үміттенеміз. Сыйлықты ұйымдастырушылар құрмет, марапат және құрмет көрсету оның негізгі басымдылығы болып табылады деп мәлімдейді. Сыйлықтың мақсаты- оқытушылық қызметті жүзеге асыруға лайықты үміткерлерді шабыттандыру.

*Орыс тіліндегі сауалнаманы толтыру үшін, жоғарғы оң жақ бұрыштағы сайт тілін ауыстырыңыз


Қазақстанда алғаш рет «Үздік мұғалім» конкурсының ашықтығын

PricewaterhouseCoopers қамтамасыз етеді. PwC ұқсас жобаларды ұйымдастыруда жоғары пікірлер мен ұсыныстары бар халықаралық тәжірибеге ие. Бұдан басқа, PwC 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жаһандық мұғалімдер сыйлығы жеңімпаздарын іріктеу үдерісіне аудит, бағалау және тестілеуге қатысады.

Біздің бірлескен жұмысымыз елдегі ең бірегей және лайықты мұғалімдерді анықтауда табысқа жетудің кілті болады деп сенеміз және іріктеуде айқын, адал және адамгершілік көзқарасты қамтамасыз етеміз.

Келісім хатынан

Назарбаева Алия Нурсултановна

Общественный деятель

Учредитель ЧФ «Фонд развития общественно значимых инициатив»

Председатель президиума ассоциации экологических организаций Казахстана

Мажитов Ермек Исагалиевич

Председатель Фонд Развития Общественно Значимых Инициатив

Исаханов Мурат Болатович

Председатель правления Общественного фонда «Фонд «Жандану Әлемі»

Обладатель Гран-при "Учитель года Казахстана - 2000"


Серіктестер



Жаһандық мұғалімдер сыйлығы Толығырақ
Медиа орталық Толығырақ
Финалистер Толығырақ
Жаңалықтар Толығырақ
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығы Толығырақ
Сыйлыққа қандай ұйымдардың педагогтары қатыса алады?

Сыйлыққа меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады.

Сыйлыққа қатысу талаптарымен қайда танысуға болады?

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатысу үшін іріктеу талаптарымен сайттағы Бағалау критерийлері бөлімінде таныса аласыз.

Сыйлыққа қатысу үшін неше жыл еңбек өтілі керек?

Сыйлыққа қатысу үшін еңбек өтілі үздіксіз үш жылдан кем болмау тиіс.

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы қашан белгілі болады?

Жеңімпаздың аты 2020 жылдың қараша айында өтетін сыйлықты марапаттау рәсімінде белгілі болады.

"Әлем мұғалімі" жаһандық сыйлығына қатысу үшін кімдердің өтінімдері жіберіледі?

"Қазақстан мұғалімі" Ұлттық сыйлығының 10 үздік финалға қатысушыларының өтінімдері "Әлем мұғалімі" Жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысуға жіберіледі.

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз