Жаһандық мұғалімдер сыйлығы туралы


Жаһандық мұғалімдер сыйлығы – бұл өз мамандығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін мұғалімге 1 млн АҚШ доллары көлемінде берілетін марапат.

2020 жылғы Жаһандық мұғалімдер сыйлығының аталымдарына өтінім беру 2019 жылдың 13 маусымынан басталды.


Жаһандық мұғалімдер сыйлығы дүние жүзіндегі педагогтардың мәртебесі мен олардың күш-жігерін мойындауға, құрметтеуге лайықты екенін атап өтуге арналған. Марапат ең үздік мұғалімдердің оқушыларға ғана емес, айналасындағы өзге де ұжымға беделін танытуға ұмтылады.

Неліктен мұғалімдер?

Білім берудің жеткіліксіз деңгейі – бүгінде әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық және денсаулық сақтау мәселелерінің түп негізіндегі басты фактордың бірі. Сапалы білім беру ісі кедейшілікті, ескішілдік пен түрлі қақтығыстарды азайтуға ықпал етеді деп санаймыз.


Ұстаздар қауымы балаларға білім беру жолында жатпай-тұрмай жұмыс істеп келеді, сондықтан мұғалімдердің беделі жаһандық болашағымыз үшін өте маңызды. Мұғалім мәртебесі жұмысқа орналасуға, сабаққа қатысуға, жұмысты ынтамен атқаруға, оның нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді.


Мұғалім мәртебесі

2013 жылы Варкей қоры жетекші Populus зерттеу және стратегиялық консалтингіне мұғалім мамандығына деген қарым-қатынас; мұғалімдердің жалақысы; оқушылардың ұстаздарға қарым-қатынасы; сонымен бірге қатысушылардың жергілікті білім беру жүйесін қалай бағалайтынын зерттеу мақсатында 21 елден жан-жақты пікір жинауды тапсырды.

Варкей қоры мұғалімдері мәртебесінің жаһандық индексі ретінде жарияланған нәтижелер бүкіл әлем бойынша мұғалімдердің мәртебесін салыстырудағы алғашқы жан-жақты әрекет болды. Мұғалім мәртебесінің көп елдерде «құлдырағаны» белгілі болды. Мұндай төмен нәтижелер кезінде өз ата-анасы да мұғалім болған қордың төрағасы Санни Варкейді таң қалдырған еді.

Осылайша, мамандық абыройын асқақ ету мақсатында Жаһандық мұғалімдер сыйлығын тағайындады.


Жаһандық мұғалімдер сыйлығы: оның ықпалы

Мұғалімдердің халықаралық сыйлығының жергілікті деңгейде, сол тәрізді әлемдік аренада мамандыққа тікелей әсер ететініне және оң ықпалы болатынына кәміл сенеміз.


Сыйлық жария болған жылы 127 елден 5 мыңнан астам өтініш түсіп, БАҚ беттерінде үлкен қызығушылық тудырды. Бүкіл әлем бойынша репортаждар үміткерлер тізіміне енген мұғалімдерге үлкен қолдау көрсетті, тіпті Иордания патшайымы Рания әл-Абдулла, Билл Гейтс, Билл Клинтон, Тони Блэр сынды көптеген жоғары лауазымды шенеуніктердің өзі сыйлықтың жақтаушыларына айналды.


Варкей қорының Жаһандық мұғалімдер сыйлығы Біріккен Араб Әмірліктері вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактумның қамқорлығымен беріледі. Сол уақыттан бері сыйлықтың жылдан жылға қарқыны артып келеді, мысалы 2019 жылы 30 мыңнан астам өтінім түскен.

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз