"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығы туралы

«Білім арқылы адамдардың өмірін өзгерту»! - Бұл – жыл сайын Дубай қаласында Дүниежүзілік Білім және дағды форумын (Global Education and Skills Forum) өткізетін Варкей қорының ұраны.


Форум әлемнің 40-қа жуық елінен келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, бизнесмендер, мұғалімдер, филантроптар бас қосатын білім саласындағы ынтымақтастық пен мәселелерді шешудің негізгі алаңына айналды. Бір миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай сыйлықты тапсыру форумның басты оқиғасы. Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры форумға қатыса отырып, Жаһандық мұғалімдер сыйлығының (Global Teacher Prize) мұғалім мамандығы беделінің құнсыздану мәселесіне ұтымды жауап екеніне куә болды.

2019 жылы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры Варкей қорымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды және «Үздік педагог» мемлекеттік байқауы аясында «Жыл мұғалімі» ұлттық сыйлығын біріктіруді ұсынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын «Үздік педагог» республикалық конкурсын өткізіп келеді. Байқаудың мақсаты – озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, сондай-ақ педагогикалық тәжірибені тарату әрі педагог еңбегінің беделін арттыру. Байқаудың қорытындысы бойынша республикалық бюджет есебінен мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік марапатқа ие болған еліміздің 64 үздік педагогы арасынан тәуелсіз қазылар академиясы 2020 жылғы Білім мен дағдының дүниежүзілік форумына қатысуға және «Әлем мұғалімі» сыйлығына үміткерлерді анықтау үшін 10 финалисті іріктеді. Іріктеу Варкей қорының (Varkey Foundation) белгіленген өлшемдеріне сәйкес өтті.

Республикалық «Үздік педагог 2019» байқауының қатысушыларынан басқа кез-келген педагог 2020 жылы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығына үміткер бола алады. PricewaterhouseCoopers аудитке, іріктеу процесін бағалауға және тестілеуге қатысып, «Жыл мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазын таңдау үшін 10 іріктелген үміткердің беделі мен өмірбаянына қатысты терең шолу жүргізеді.

«Қазақстан алғаш рет 2020 жылы өтетін дүниежүзілік форумның ресми қатысушысы атанады»,

делінген Ынтымақтастық жөніндегі келісім хатта.


Сыйлық қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін коммуникациялық платформа жасайтын жоба болады деп үміттенеміз. Ұйымдастырушылар сый, марапат және құрмет көрсету негізгі басымдық екенін мәлімдейді. Сыйлық мақсаты – оқытушылық қызметті жүзеге асыруға лайықты үміткерлерді рухтандыру.

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз