Сұрақ/жауап

Сыйлыққа кім өтінім бере алады?

Сыйлық міндетті мектепте немесе 5-18 жас аралығындағы балаларды оқытатын, сондай-ақ қазіргі уақытта жұмыс істейтін мұғалімдер үшін ашық. Үкімет бекіткен ерте жастағы оқыту бағдарламасы бойынша 4 жастан бастап балаларды оқытатын мұғалімдер, одан бөлек толық емес жұмыс уақытымен сабақ беретін мұғалімдер мен онлайн курс мұғалімдерінің де қатысуға құқығы бар. Мұғалімдер аптасына кем дегенде 10 сағат өткізіп, баланы бетпе-бет оқытатын болуы және алдағы 5 жыл бойы педагогикалық мамандықта қалуды жоспарлауы тиіс. Сыйлық жергілікті заңнамаға сәйкес, әлемнің барлық елдерінде кез келген мектеп мұғалімдері үшін ашық.

Жүлдеге өтінім беру туралы қосымша ақпарат алу үшін бағалау критерийлері (сілтемелер) және шарттар мен ережелер (сілтемелер) беттеріне кіріңіз.

Топ-50 қатарына өткенімді қалай білемін?

Егер сіз 50 үздік финалист тізіміне кірсеңіз, сіз бізден ХАБАРЛАМА ХАТ аласыз. Алайда, сізге 2021 жылдың желтоқсан айында хат келмесе, өкінішке қарай сіздің 50 үздіктің қатарына өте алмағаныңызды білдіреді.

Өз ана тілімде өтініш бере аламын ба?

Қазіргі уақытта өтінімдер мына тілдерде қабылданады: ағылшын, француз, испан, араб, португал, орыс және қытай.

Біз дербес режимде пошта арқылы тапсырыс жібере аламыз ба?

Барлық өтініштер мен номинациялар біздің веб-сайт арқылы онлайн жасалуы тиіс. Бізге пошта немесе электрондық пошта арқылы жіберілген өтінімдер қабылданбайды немесе онлайн өтініммен бірге есепке алынбайды.

Тәжірибе қанша жыл болуы қажет?

Өтініш берушіге қажетті тәжірибенің белгілі бір шектеуі жоқ. Дегенмен, қосымша ақпарат алу үшін біздің Таңдау критерийлері (сілтеме) бетін қараңыз.

Бүкіләлемдік мұғалімдер сыйлығының қорытындысы қашан жарияланады?

Жеңімпаздың есімі 2020 жылдың наурыз айында Дубайда өтетін білім мен дағдылар бойынша дүниежүзілік форумда жарияланады.

Топ-50 және топ-10 финалисті іріктеу процесі қалай өтеді?

Өтінім берілгеннен кейін қазылар алқасы 50 үздік финалисті жеке-жеке зерттей отырып, іріктеуден өткізеді. Комитет одан кейін үздік 10 финалисті таңдайды. Бүкіләлемдік сыйлық академиясы онлайн дауыс берудің қауіпсіз жүйесі арқылы жеңімпазды таңдайды. Үміткерлердің өтінімінде көрсетілген ақпарат негізінде ғана бағаланатынына назар аударыңыз.  Электрондық пошта арқылы жіберілген немесе орналастырылған материалдар бағалау барысында қаралмайды.

Мойындалған сыныпта сабақ беру керек пе?

Сыйлық қазіргі уақытта жұмыс істейтін кез келген мұғалім үшін ашық, олар міндетті мектепте бес жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды оқытуы тиіс. Үкімет бекіткен ерте жастағы оқыту бағдарламасы бойынша 4 жастан бастап балаларды оқытатын мұғалімдер, одан бөлек толық емес жұмыс уақытымен сабақ беретін мұғалімдер мен онлайн курс мұғалімдерінің де қатысуға құқығы бар. Мұғалімдер аптасына кем дегенде 10 сағат өткізіп, баланы бетпе-бет оқытатын болуы және алдағы 5 жыл бойы педагогикалық мамандықта қалуды жоспарлауы тиіс. Сыйлық жергілікті заңнамаға сәйкес, әлемнің барлық елдерінде кез келген мектеп мұғалімдері үшін ашық.

Жүлдеге өтінім беру туралы қосымша ақпарат алу үшін бағалау критерийлері (сілтемелер) және шарттар мен ережелер (сілтемелер) беттеріне кіріңіз.

Бүкіләлемдік мұғалімдер сыйлығының лауреатын кімдер анықтайды?

Төрешілер комитеті 10 үздік финалисті таңдайды, содан кейін біздің құрметті академия мүшелері жеңімпазды анықтайды.

Өтінім сәтсіз болған күнде маған хабарлай ма?

Егер сіз бізден 2021 жылдың желтоқсанына дейін жауап алмасаңыз, өкінішке қарай, топ-50-ге өту мүмкін емес.

Топ-50-ге іліккенім жөнінде маған хабарлана ма?

50 үздік үміткер 2021 жылдың желтоқсанында хабарланады.

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз