Ереже

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығы (әрі қарай – Сыйлық) оқушылардың білім алуында ісәрекеттік ыңғай идеяларын тәжірибе жүзінде іске асырып жүрген, шығармашылықпен еңбектенетін дарынды педагогтарды анықтау мақсатында; мұғалімнің жағымды әлеуметтік және кәсіби беделін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеуге арналған байланыс платформасын құру мақсатында; педагогикалық тәжірибені жинақтау үлгілерін жетілдіру; лайықты үміткерлерді оқытушылық қызметпен айналысуға шабыттандыру мақсатында Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен (әрі қарай - Қор) өткізіледі. Сыйлық ұйымдастырушылары сый, марапат және құрмет көрсету негізгі басымдық екенін мәлімдейді.



«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығына қатыса отырып (әрі қарай «Сыйлық»), іріктеуге сауалнама жіберген әрбір тұлға (әрі қарай «Қатысушы»), келесі шарттар мен ережелерді қабылдап, оларды сақтауға келіседі:

1. Қатысу құқығы

Қатысу құқығына ие болу үшін, қатысушы міндетті:

  • Сыйлық бес жастан он сегіз жасқа дейінгі міндетті мектеп оқуындағы балаларды оқытумен қазіргі таңда еңбектеніп жүрген, еңбек өтілі үш жылдан кем емес мұғалімдер үшін ашық. Мұғалімдер балаларды аптасына кемінде 10 сағат бетпе-бет оқытуға және педагогикалық қызметте келесі 5 жыл ішінде қалуды жоспарлауға міндетті. Сыйлық кез-келген мемлекеттік немесе жеке меншік мектеп мұғалімдері үшін ашық;
  • Алдағы өткен сыйлықтың лауреаты болмауға;
  • Алдағы өткен он үздік үміткердің қатарында болмауға;
  • «Үздік педагог 2019» Республикалық сайысының қатысушысы болмауға.
  • 2. Қалай қатысуға болады

    Қатысу үшін сауалнаманы толтырып, сайттағы нұсқауларға еріңіз

    3. Мазмұн

    Қазылар алқасы Сыйлықтың әрбір кезеңінде үміткердің қызметіндегі келесі көрсеткіштерін бағалайды:
    - кәсіби шеберлігі;
    - белсенді азаматтық ұстанымы, қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысуы;
    - мұғалімнің жұмыс жүйесі;
    - мұғалімнің еңбегінің нәтижелілігі және тиімділігі;
    - жеке қасиеттері (педагогикалық түйсіктің бар болуы, суырып салма, ұйымдастырушылық қабілеттері және қатысымдылық);
    - оқушылардың әрекеттерін ынталандырудың жоғарғы деңгейі мен жоғарғы қарқындылығын тудыру және сүйемелдеу;
    - оқушылардың өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыра білу;
    - жалпы мәдениеті мен ой-өрісі;
    - пікірлерінің төлдаралығы мен тереңдігі;
    - Сыйлық жеңімпазының миссиясын орындауға даярлығы.

    4. Критерийлері

    «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына іріктеу критерийлері

    Мамандықтың дамуына қосқан зор үлесін анықтау үшін «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына үміткерлер Дүниежүзілік мұғалімдер сыйлығының қатаң талаптар бойынша бағаланады. Академия мына шарттардың сақталуын қадағалайтын болады:

    1

    Оқушылардың, әріптестерінің, мектеп директорларының немесе өзге де орталардағы мұғалім жетістіктерінің мойындалуы;

    2

    Оқытудың инновациялық және тиімді әдістерін қолдану;

    3

    Сыныпта оқытудың көрнекі нәтижелеріне қол жеткізу;

    4

    Балаларды түрлі дін, мәдениет және ұлт өкілдерімен кездесетін әлем азаматтары болуға даярлау;

    5

    Мұғалім және басқа да мамандықтар шеберлігінің бірегей әрі ерекше үлгісін көрсететін сыныптан тыс өзге қауымдастықтардағы жетістіктері;

    6

    Басқаларды оқытушылық қызметке талаптандыру. Мұғалім мамандығы бойынша қоғамдық пікірталастарға қатысу, БАҚ-та жариялану, мақалалар, блог жүргізу, түрлі конференцияларға қатысу;

    7

    7. Үкімет, оқушылардың, әріптестерінің, мектеп директорларының тарапынан немесе өзге де орталардағы мұғалім жетістіктерінің мойындалуы.

    Жоғарыда көрсетілген критерийлерден бөлек «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының әрбір қатысушысы келесілерді сауалнамаға бекітулері тиіс:

    видео
    (төмендегі видео талаптарын қараңыз);

    «Әлем мұғалімі» қандай болуы керек? тақырыбында 1 бет көлемінде шығармашылық эссе жазу, А4 форматында (шрифт Times New Roman, интервал 1)

    Төменде берілген тақырыптарды қысқаша ашыңыз (барлық сұрақтарға А4 форматында 1 бет):

    1

    Өз сабақтарыңызда балаларға айтатын ұлы адамдар туралы айтып беріңіз. (философтар, саясаткерлер, өнер қайраткерлері, педагогтар, рухани көшбасшылар, қайырымдылық және т. б.).

    2

    Өз мектебіңіздегі (аудан / облыс / ел) оқыту деңгейін арттыру үшін не істеген болар едіңіз, мысал келтіріңіз.

    3

    Балалармен қарым-қатынаста отбасыңыз сізге қалай ықпал етті?

    4

    Адамды мейрімді және ақкөңіл етіп қалай тәрбиелеуге болады?

    5

    Сіздің ойыңызша баланың үлгерімінің нашарлығына кім кінәлі және неге? (мектеп, ата-ана немесе баланың өзі)

    «Үздік педагог» байқауының видео ролигіне қойылатын талаптар:

    Роликтің тақырыбы: «Сүйікті мектебім».

    Мазмұны: Тақырып жалпылама-философиялық сипатқа ие екендігін ескере отырып, әрбір қатысушы өзінің жеке, ішкі дүниетанымына, көзқарастарына, қабылдауы мен пайымына сүйене отырып, ұсынылған тақырыпқа өзінің көзқарасы мен ойын баяндайды.


    Сыйлық тақырыбына сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген (жасалған) роликтер ұсынылады.


    Видеороликке қойылатын талаптар:

    1

    Видео YouTube-ке жүктелуі тиіс;

    2

    Видеоның рұқсат етілген форматы -720x480 (12:8 см);

    3

    Ұзақтығы – 10 минутқа дейін;

    4

    Роликтер автордың аты жазылған ақпараттық заставкамен рәсімделуі тиіс;

    5

    Видеороликті құрастыру және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – қатысушының қалауы бойынша;

    6

    Видеоролик – монолог жанры;

    7

    Видеода фотосуреттер, бейнелер, арнайы әсерлер, фондық музыка қолданылуы мүмкін;

    8

    Сыйлыққа басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын, конкурс тақырыбына сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.

    5. Іріктеу үдерісі

    Тәуелсіз қазылар академиясы 10 үздік мұғалімдерді іріктейді («Әлем мұғалімі» байқауына қатысуға өтініштері жіберілетін болады). Оларға ерекшелік белгілері беріліп, жеңімпаз «Қазақстан мұғалімі» сыйақысымен және 10 000 АҚШ доллары сыйақысымен марапатталады.

    Қазылар академиясының құрамы барлығы 30 адамнан құралады:

    БҒМ өкілдері – 6 адам
    ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар – 15 адам
    Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры – 3 адам
    Филантроптар – 3 адам
    Ата-аналар қауымдастығы – 3 адам

    Аталған құрам БҒМ, ҚМБДҚ және Варкей қорымен бекітілді.
  • Сауалнаманы жіберу үдерісі аяқталған соң (2020 жылдың 1 қазаны), олар онлайн-төрешілер тобымен барлық шарттардың сақталуына бағаланатын болады. Барлық жолдары толтырылмаған сауалнамалар өтпейді. Сондықтан мұқият болыңыздар.
  • Төрешілердің бірінші комитеті Төрешілер Академиясына 50 үздік сауалнамаларды жолдау үшін 2020 жылдың қазан айында жиналады.
  • Кейін Тәуелсіз Төрешілер Академиясы 10 үздік финалға қатысушыларды таңдайды.
  • PricewaterhouseCoopers дауыстарды есепке алып, 10 үздік финалға қатысушылардың арасынан Сыйлық Жеңімпазын анықтайды.
  • 6. Шарттар мен шектеулер:

    1

    Бір қатысушыға бір өтінім толтырылады;

    2

    50 үздіктер кезеңіне өтпеген қатысушылар хабарлама алмайды. Жазбалар қайтарылмайды;

    3

    Сауалнаманы жолдауға байланысты шығындар болған жағдайда (бейне, таныстырылым) қатысушылардың шығындары өтелмейді;

    4

    Кеш немесе қате жіберілген мәліметтер үшін Дамыту қоры жауапты емес;

    5

    Қатысушылар өтінім жібергеннен кейін Дамыту қорына мәліметтерді кез-келген бұқаралық ақпараттар қызметтерінде толықтай немесе ішінара, ешбір төлемсіз немесе басқа да сыйақысыз, заң шеңберінде пайдалану құқығын ұсынады;

    6

    Осы Сайысқа қатыса отырып, әрбір қатысушы Дамыту Қоры Тарабын Сыйлыққа байланысты туындаған кез-келген міндеттемелерден, наразылықтардан, қуыным себептерінен, қуынымдардан және кез-келген түрдегі міндеттемелерден («Наразылықтар») біржола босатады. Сондай-ақ, қатысушы Қор Тарабын қатысушының осы Сыйлыққа қатысуына немесе осы Шарттардың кез-келгенін бұзуына байланысты үшінші тұлғаларда туындаған барлық наразылықтардан босатады.

    7

    Қатысушылар: (І) жолдаған материалдарының ішіндегісіне толықтай зияткерлік меншік құқығы бар екендігін, (ІІ) сол материалдарды ұсынуға өкілеттігі бар екендігін мәлімдейді. Қатысушылар осы мәлімдеменің бұзылуы нәтижесінде үшінші тұлғаларда пайда болған барлық наразылықтарын Дамыту қоры Тарабына толықтай өтеуге міндетті;

    8

    Қатысушылар өздерінің есімдері мен бейнелерін алдын ала ескертусіз немесе ешбір қосымша өтемақысыз, заңмен шектелмеген жағдайлардан басқа, жариялау мақсатында пайдалануға келісім береді. Жеңімпаз Дамыту қорының жеңімпаздың есімін, дауысын және бейнесін, және де оның жеңіске жеткендігін, және соған қатысты кез-келген сұрақтарды таратуға құқығы бар екендігін мойындайды.

    9

    Жеңімпаздар сайысқа қатысуына байланысты туындаған кез келген салықтар үшін толықтай жауапкершілік алады. Дамыту қоры жүлде қорынан қазіргі заңнамаға сәйкес кез келген жеке салықтарды ұстап қалады немесе хабарлайды;

    10

    Осы Шарттардың басқа да ережелеріне қарамастан, Дамыту қоры: Сыйлықты табыстағаннан кейін кез келген уақыт аралығында (а) сауалнаманың кез-келген материалы жалған немесе қандай да бір жолмен жаңылтатын болса, (ә) жеңімпаздың шындығында құқығы болмаса немесе (б) осы шарттардың кез келгені бұзылған болса: (в) кез келген жүлделі қаржыны төлеуден тартыну және / немесе (г) жеңімпаздан төленген жүлделі қаржыны қайтаруды талап ету құқығын қалдырады;

    11

    Осы Шарттар және ережелер Дамыту қорының қарауынша қазіргі заңнамаға сәйкес өзгертілуі мүмкін.

    7. Жеңімпаздарды марапаттау

    Сыйлық нәтижесінде 10 үздік финалға қатысушылар мен олардың арасынан бір Жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздың қаржылай жүлдесі 10 000 АҚШ долларын қамтиды. 10 үздік финалға қатысушылар жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларынан тұратын «Әлем Мұғалімі» Жаһандық Сыйлығының іріктеу турына жіберіледі.

    Сонымен қатар Сыйлық жеңімпазы «Әлем Мұғалімі» Жаһандық Сыйлығының Қазақстандағы Амбассадоры мәртебесіне ие болады.

    Сыйлық Жеңімпазы мен үздік финалға қатысушылардың миссиясы:

    - алғы шептегі әйгілі мұғалімдердің «дауысы», қайраткері, көшбасшысы болу;
    - балалардың құқықтары мен білім сапасы үшін күресу;
    - ұстаздық құқықтар мен мүдделерді қорғауда белсенді азаматтық позицияны ұстану;
    - көпшілікке, сонымен қатар билік органдарына, баспасөзге өз позициясын дәлелді түрде білдіру;
    -әріптестерін үздіксіз дамуға, өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық істерге шабыттандыру;
    -педагогтар арасында Сыйлықтың дамуына жауапкершілік алу;
    - тәжірибесімен белсенді түрде бөлісу;
    - педагогтарды қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысуға шақыру.



    «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығына қатысу сауалнамасы 2020 жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін қолжетімді болады

    Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз