Сұрақ/жауап

Сыйлыққа қатысу үшін неше жыл еңбек өтілі керек?

Сыйлыққа қатысу үшін еңбек өтілі үздіксіз үш жылдан кем болмау тиіс.

"Әлем мұғалімі" жаһандық сыйлығына қатысу үшін кімдердің өтінімдері жіберіледі?

"Қазақстан мұғалімі" Ұлттық сыйлығының 10 үздік финалға қатысушыларының өтінімдері "Әлем мұғалімі" Жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысуға жіберіледі.

Өтінімді қазақ тілінде ұсынуға бола ма?

Иә, құжаттар мен материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

2021 жылы өтетін Дүниежүзілік Білім және дағды форумына кімдер қатыса алады?

2021 жылы өтетін Дүниежүзілік Білім және дағды форумына «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы қатыса алады.

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы қашан белгілі болады?

Жеңімпаздың аты 2020 жылдың қараша айында өтетін сыйлықты марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Егер мен ауыл мектебінің мұғалімі болсам, «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатыса аламын ба?

Иә, әрине, сыйлыққа кез келген өңірдегі мұғалімдер қатыса алады.

Сыйлыққа қатысу талаптарымен қайда танысуға болады?

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатысу үшін іріктеу талаптарымен сайттағы Бағалау критерийлері бөлімінде таныса аласыз.

Сыйлыққа қандай ұйымдардың педагогтары қатыса алады?

Сыйлыққа меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады.

"Жіберу" батырмасына басқаннан кейін ешқандай әрекет жоқ
Толтыруға міндетті барлық жолдар дұрыс (мысалдарда көрсетілгендей) толтырылғанын тексеріңіз. Егер барлық жолдар дұрыс толтырылған болса, "Жіберу " батырмасын басқаннан кейін біраз күте тұрыңыз. Сіздің файлдарыңыз жүктелу үдерісінде болуы мүмкін.
Сауалнама формасы қате көрсетілсе, әлде мүлде көрсетілмей тұрса
Браузеріңізді соңғы нұсқасына дейін жаңартып көріңіз. Google Chrome браузері ұсынылады.

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз