Мұғалім мәртебесі неліктен маңызды?

Қоғамдағы ең маңызды жұмыстардың бірін атқарып жүрген білікті маман – мұғалімдерге дәрігерлерге қарағандағыдай сыйластықпен қарау керек деп есептейміз.


Әйтсе де, Варкей қорының әлемнің 21 елінде жүргізілген мұғалімдер мәртебесінің жаһандық индексі тек Қытайда ғана мұғалімнің дәрігермен тең мәртебе саналатынын көрсетті. Ал Ұлыбританияда респонденттердің 5%-ы қос мамандықты тең көреді екен.


Болашақ мамандық туралы зерттеулер не айтады?

2013 жылғы сауалнамада білім беру құрметті мамандық саналама деген мағынада сұрақ қойылды: өз балаңызды мұғалім болуға үндейсіз бе? Осы тұста үлкен айырмашылықтар көрінді. Мәселен, бұл ретте Қытайдағы ата-аналардың 50%-ы қолдау көрсететін болса, Израильде 8%-ы ғана құп көрген.


Оқушылар ұстаздарды сыйлай ма?

Көптеген елдерде, соның ішінде Еуропада оқушылардың мұғалімдерді құрметтемейтіні, оларға сенбейтіндігі көпшілікті алаңдататын шындық.


Мұғалім мәртебесі деген не?

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлеген студенттерді экономикалық халықаралық бағалау бағдарламасы сияқты зерттеулер түрлі елдердің өз жағдайларын оқушылардың нәтижелерімен қалай салыстыратыны тұрғысынан өте қызық болды. Академиялық үлгерімнің елдің білім беру жүйесіне, мұғалімдерді қабылдау ісі мен олардың еңбек ақысы ресурстарымен қалай ара-қатынаста болатынын бірте-бірте түсініп келеміз.


Бірақ Варкей қоры мұғалімдер мәртебесінің жаһандық индексін жариялағанға дейін әртүрлі елдердегі мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы мен олардың сол елдердегі білім беру жүйесіне әсері туралы сөз болған кезде мәдени, саяси және экономикалық факторлардың маңызы туралы білеріміз аз болатын.


Мұғалім мәртебесіне назар аудара отырып, мұғалімдер мәртебесінің жаһандық индексі төмендегі жайттарды түсінуге көмектесті:

  • 1. Өзге мамандықтарға қатысты мұғалімдерді қалай құрметтейді;
  • 2. Әр елдегі мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы;
  • 3. Ата-аналар балаларын мұғалім болуға үндей ме;
  • 4. Студенттер мұғалімдерді құрметтей ме;
  • 5. Мұғалім еңбек ақысы жайында адамдар не ойлайды;
  • 6. Мұғалім оқушы үлгеріміне сәйкес ақы алуы тиіс деп санай ма;
  • 7. Адамдар жергілікті білім беру жүйесіне қаншалықты сенеді;
  • 8. Балаға жақсы білім беруде мұғалімдерге қаншалықты сенеді;
  • 9. Кәсіподақтар қаншалықты құзыретті саналады;

Барлық осы факторлар біздің «мұғалім мәртебесін» түсінуімізге ықпал етеді. Мұғалім мәртебесінің жоғарылығы мамандық таңдауға, сабаққа қатысуға, жұмысқа деген ынта мен тиімділікке үлкен әсер етуі ықтимал.


Мұнымен не істейміз?

Жаһандық мұғалімдер сыйлығы арқылы адамдардың мамандық туралы түсініктерін өзгертуге тырысамыз.

Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз