Шарттар мен ережелер

Осы конкурсқа (бұдан әрі – «Конкурс») қатыса отырып, өтінім беретін әрбір тұлға (бұдан әрі – «өтінім беруші») мынадай шарттар мен ережелерді қабылдайды және сақтауға келіседі:

1. Кіріспе

Варкей қоры («ВҚ») мұғалім мамандығын маңызды деп тану және оқытуды жетілдіруге ықпал еткені үшін

1 000 000 АҚШ доллары («жүлде»)
Варкей қоры («ВҚ») мұғалім мамандығын маңызды деп тану және оқытуды жетілдіруге ықпал еткені үшін 1 000 000 АҚШ доллары («жүлде») мөлшерінде Жаһандық мұғалімдер сыйлығын жариялайды. Сыйлық Біріккен Араб Әмірліктері вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактумның қамқорлығымен беріледі.

Өтінімдер

2018 жылдың маусымынан бастап 2019 жылдың 9 қыркүйегіне аралығында қабылдануы мүмкін.

Жеңімпаз 2020 жылғы білім мен дағдылар бойынша дүниежүзілік форумда жарияланады. Іріктеу барысы PricewaterhouseCoopers.арқылы қадағаланады.

2. Қатысу құқығы

Қатысу үшін өтініш беруші:
  • Сыйлық міндетті мектепте немесе 5-18 жас аралығындағы балаларды оқытатын, сондай-ақ қазіргі уақытта жұмыс істейтін мұғалімдер үшін ашық. Үкімет бекіткен ерте жастағы оқыту бағдарламасы бойынша 4 жастан бастап балаларды оқытатын мұғалімдер, одан бөлек толық емес жұмыс уақытымен сабақ беретін мұғалімдер мен онлайн курс мұғалімдерінің де қатысуға құқығы бар.Мұғалімдер аптасына кем дегенде 10 сағат өткізіп, баланы бетпе-бет оқытатын болуы және алдағы 5 жыл бойы педагогикалық мамандықта қалуды жоспарлауы тиіс. Сыйлық жергілікті заңнамаға сәйкес, әлемнің барлық елдерінде кез келген мектеп мұғалімдері үшін ашық.
  • Өткен жылғы сыйлықтың лауреаты қатыса алмайды әрі былтырғы 10 үздік үміткердің қатарына кірмеген болуы тиіс.
  • 3. Бағдарламаға қатысу

    Қатысу үшін өтінімді толтырып, сайттағы нұсқауларды ретімен орындаңыз: www.globalteacherprize.org www.globalteacherprize.org.

    4. Таңдау критерийлері

    Төрешілер өтінімді мына өлшемдер негізінде бағалайды:
    1

    Оқушылардың, әріптестерінің, мектеп директорларының немесе өзге де орталардағы мұғалім жетістіктерінің мойындалуы;

    2

    Оқытудың инновациялық және тиімді әдістерін қолдану;

    3

    Сыныпта оқытудың көрнекі нәтижелеріне қол жеткізу;

    4

    Балаларды түрлі дін, мәдениет және ұлт өкілдерімен кездесетін әлем азаматтары болуға даярлау;

    5

    Мұғалім және басқа да мамандықтар шеберлігінің бірегей әрі ерекше үлгісін көрсететін сыныптан тыс өзге қауымдастықтардағы жетістіктері;

    6

    Басқаларды оқытушылық қызметке талаптандыру. Мұғалім мамандығы бойынша қоғамдық пікірталастарға қатысу, БАҚ-та жариялану, мақалалар, блог жүргізу, түрлі конференцияларға қатысу;

    5. Таңдау процесі

  • Өтінім беру аяқталған соң, онлайн төрешілердің бағалауымен 50 үздік финалист таңдап алынады.
  • Төрешілердің бірінші Комитеті («сыйлық беру Комитеті») ең үздік 10 финалисті таңдау үшін 2019 жылы қараша айында жиналады.
  • • Бұдан соң Жаһандық мұғалімдер сыйлығы академиясы (төрешілердің соңғы тобы) жеңімпазды онлайн дауыс берудің қауіпсіз жүйесі арқылы таңдайды, ол қосымша тексеруге, өмірбаяндық деректер мен анықтамалық ақпаратты тексеруге жатады.
  • • Барлық іріктеу процесінің ашықтығы PricewaterhouseCoopers арқылы бақыланып, тексеріледі.
  • 6. Жеңімпазды жариялағаннан кейін

    Жүлде қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін салықтар немесе басқа да төлемдерді ұстап қалу шартымен он (10) жыл ішінде 100 000 АҚШ доллары мөлшерінде жыл сайын төленеді.

    1

    Он (10) жыл бойы жеңімпаз өзін мұғалім мамандығына немесе ВҚ тараптарының кез келгеніне күмән келтірердей (бұл ВҚ қалауы бойынша айқындалуы мүмкін) ұстамауы тиіс.

    2

    Жеңімпаз ВҚ ұсынатын тегін қаржылық кеңеске бару керек.

    3

    Жүлде берілгеннен кейін бес (5) жыл ішінде жеңімпаз: мектеп жағдайында 5-тен 18 жасқа дейінгі (зейнеткерлікке шығу жағдайынан басқа) оқушыларға сабақ беруді немесе білім беруге қолдау көрсетуді жалғастыруға және ВҚ үшін халықаралық елші ретінде болуға тиіс. ВҚ-ның халықаралық елшісі ретінде жұмыс істеу іс-жиындарға барумен, БАҚ-пен қарым-қатынас жасаумен, жұмыстан тыс уақытта, демалыс немесе мереке күндеріндегі оқыту және басқа да міндеттемелермен қамтылуға, бірақ шектелмеуге тиіс. ВҚ барлық іс-сапарлар мен жүріп-тұруды ұйымдастырады, төлейді.

    7. Шарттар мен шектеулер:

    1

    1. Бір өтініш берушіге бір өтінім толтырылады;

    2

    2. 50 үздік және одан жоғары кезеңдерге өтпеген өтініш берушілер ескерту алмайды. Жазбалар қайтарылмайды;

    3

    3. Өтініш беруге байланысты жұмсалған шығындар өтелмейді;

    4

    4. ВҚ жоғалған, кеш берілген немесе дұрыс жіберілмеген деректер үшін жауапты емес;

    5

    5. Қазіргі уақытта белгілі немесе одан басқа кез келген бұқаралық ақпарат құралдарын шектеусіз мерзімге пайдалану заңмен рұқсат етілген шектерде іске асырылады;

    6

    6. Осы конкурсқа қатыса отырып, әрбір өтініш беруші ВҚ тарапы конкурсқа байланысты немесе осыған қатысты туындайтын кез келген міндеттемелерден, наразылықтардан, талап қою себептерінен, талап қоюлардан және кез келген түрдегі талаптардан («талап-тілек»), барлық міндеттемелерден босатады. Сондай-ақ, ВҚ тарабы осы Конкурсқа өтінім берушінің қатысуына немесе өтінім берушінің осы Шарттардың кез келгенін бұзуына байланысты үшінші тұлғалар тарапынан туындайтын барлық шағымдардан босатады.

    7

    7. Өтініш берушілер: өзінің қоса берілген материалдарындағы барлық мазмұнға зияткерлік меншіктің барлық құқықтары осы материалдарды ұсыну және осы құжатта сипатталған лицензияны беру өкілеттігі бар екенін мәлімдейді. Өтініш берушілер осы өтінішті бұзу нәтижесінде тікелей немесе жанама пайда болған үшінші тараптардың барлық талаптарын ВҚ тарабына толық өтеуге тиіс;

    8

    8. Өтініш берушілер заңмен тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, алдын ала ескертусіз немесе қандай да бір қосымша өтемақысыз өз аты-жөні мен бейнесін жария мақсаттарда пайдалануға келіседі. ВҚ жеңімпаздың атын, дауысын және бейнесін жариялауға және таратуға құқылы екенін, жеңімпаз болғандығын және осыған байланысты барлық мәселелерді мойындайды. ВҚ өтінімді берген өтінім берушіге тіркеуге міндетті емес; және ФВ өтінімді берген өтінім берушіге тіркеуге міндетті емес;

    9

    9. ВҚ қарауымен өтініш беруші осы Шарттардың кез келгенінің сәйкестігін растауды талап ете алады;

    10

    10. Жеңімпаздар конкурсқа қатысу нәтижесінде келтірілген кез келген салықтар үшін толық жауапты болады. Политика конфиденциальности

    11

    11. ВҚ қолданыстағы заңнамаға сәйкес кез келген жеке ұтыстарды хабарлайтын немесе ұстайтын болады;

    12

    12. Егер жеңімпаздардың ешқайсысы тиісті уақыт аралығында жүлдеге ілікпесе, ВҚ жүлдені тағайындамай, конкурсты тоқтату құқығын өзіне қалдырады;

    13

    13. Осы Шарттардың кез келген өзге жағдайына қарамастан, қосымша материалдардың жалғандығы, болмаса тиісті шарттардың бұзылғандығы белгілі болған жағдайда, жеңімпаздың іс жүзінде құқығы болмағаны анықталғанда жүлде ақшасын төлеуден қалыс қалу немесе сыйақыны кері қайтару құқығын қор өзіне қалдырады;

    14

    14. Шарттар мен ережелер ВҚ қарауымен өзгертілуі мүмкін;

    15

    15. Конкурс тыйым салынған немесе заңмен шектелген болса жарамсыз деп танылады. Осы ережелер мен шарттардың әрқайсысы қолданыстағы заңнамамен реттеледі;

    16

    16. Конкурс және осы шарттар кез келген коллизиялық нормаларды ескерместен Англия мен Уэльс заңнамасымен реттеледі. Осы конкурстан немесе осы шарттардан туындайтын кез келген талаптар немесе даулар ағылшын соттарының ерекше емес юрисдикциясына жатады.

    Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз